Құрметті арулар, қыз-келіншектер!
ҚАЗАҚСТАН БӘЙГЕ ЧЕМПИОНАТЫ – ОЛИМПБЕТ «Оңтүстік аймақ» аясында «Ұлттық киім – ұлт ажары» атты облыстық ұлттық киімдер байқауы өтетіндігін хабарлаймыз.
Байқауға кез-келген жастағы ұлттық киім киген қыз-келіншектер қатыса алады. Ұлттық киімдер қазақ дәстүріне ерекше сәйкестігі, дайындау шеберлігі мен шығармашылық көзқарас тұрғысынан бағаланады.
Егер, Сіз, ұлттық киімді ұлттық құндылық деп білсеңіз, әдемі киініп, әсем жүргенді ұнатсаңыз, байқауға қатысуға шақырамыз. Өзіңіздің қазақы киіміңіз арқылы қазақы болмысыңызды көрсете отырып, өзгеге үлгі болыңыз. Киелі киім иесіз қалуға тиіс емес!
Бас демеуші: KAZPETROL GROUP
Жүлде қоры:1 000 000 (бір миллион) теңге
Байқау жеңімпаздары :
I орын – 500 000 (бес жүз мың) теңге
II орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге
III орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысуға 2023 жылдың 21 сәуір күні сағат 19.00-ге дейін тіркелуге болады.
Байланыс телефондары: 27-29-14, 8 701 729 03 48
Өтетін орны: Қызылорда ипподромы
Өтетін уақыты: 22 сәуір, сағат 11:00
Келіңіздер! Қатысыңыздар! Жеңімпаз болыңыздар!
2023-04-13