Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде өткізілген Әдеп жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы 3 мәселемен Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінің әкімі М.Жамаловтың, Еңбек ауылдық округінің әкімі Қ.Қалдановтың және Аққыр аулдық округінің әкімі Ж.Матаевтың тәртіптік істері қаралып, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен аталған тұлғаларға қатысты тәртіптік істерді тоқтату туралы шешім қабылданды.
Келесі мәселелемен Қызылорда облысы әкімдігінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, әдеп кодексі нормаларын бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстарының нәтижелері тыңдалып, кеңес мүшелерімен ұсынымдар берілді.
Бесінші мәселемен мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасын талдау қорытындылары негізінде тәртіптік комиссиялардың 2023 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс нәтижелері тындалып, мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізілді.
Сонғы мәселемен 2022 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша жүргізілген талдау нәтижелері тындалып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында тиісті ұсыныстар берілді.

БӨЛІСУ