Сырдария аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, аудандық мәслихаттағы “AMANAT”партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Анар Қалдыбаева мен Нұрман Абдрасилов «Қызылорда-Айдарлы-Тартоғай» облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді.

Партиялық бақылау жұмыстарына облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Өмірбек Мұсаев пен аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Омаров және мердігер мекеменің өндіріс саласы бойынша директордың орынбасары Жәнібек Сыздықов қатысты.

Мұнан бөлек, Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бауыржан Ермағанбетов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрмағанбет Құдайбергенов, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Ғалия Арынова, белсенді жас Абай Абсаттаров, Жетікөл ауылдық округінің әкімі Өмірбек Токманбетов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Камалов, Айдарлы ауылдық округінің әкімі Айбол Ержанов, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжахан Есенбекова, ауыл тұрғыны Тиыштық Әбсадықов жол жөндеу жұмыстарының сапалы болуына бірқатар ескертпелер жасап, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.

Аталған облыстық маңызы бар автомобиль жолының қиындықтары Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылдық округтерінің тұрғындары көптен көтеріп жүрген мәселесі еді, сол себепті тұрғындардың жол сапасының жоғары болуын уайымдайтын реті бар. Мердігер мекеме өкілдері мен жиналған тұрғындарға бұл жұмыстар алдағы уақытта партия бақылауында болатындығы айтылды.

Партиялық бақылау барысында жолдың талапқа сай болуы туралы айтылып, тиісті сала мамандары арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жоба-сметалық құжаттарға сәйкес екендігін айтты.

Барлық жұмыстар ел мүддесі үшін екендігі айтылып, жұмыстарды нәтижелі жасау бірауыздан келісіліп, үлкендердің ақ батасы берілді.

БӨЛІСУ