Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудан аумағында орналасқан жанар-жағармай құю бекеттерінде ішкі нарықтығы әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің ағымдағы жағдайымен танысу мақсатында аралау жұмыстары жүргізілді.
Топтың құрамында аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, “Amanat” партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Азамат Ерназаров болды.
Аралау барысында ішкі нарықтығы әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің қазіргі қоры анықталып, аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов жанармай бекетінің иелеріне мұнай өнімдерін қолдан тапшылық жасау және заңсыз баға өсуіне жол берілген жағдайда заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданатыны туралы түсіндірді.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі