Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытының жобалық картасын түсіндіру бағытында құрылған жұмысшы топ өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өтті.
Мәжіліске Қызылорда облысы әкім аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Сәмитұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Қыдырбекұлы, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Берік Бектайұлы және облыс әкімі аппаратының тиісті сала мамандары қатысты.
Сондай-ақ, жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен мамандары және кент, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, сонымен қатар аудандық бюджеттен қаржыландырылатын квазимемлекеттік субъекті меңгерушілері қатысты.
Күн тәртібінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытының нұсқаулықтары мен әдістемелерін және есептілік формаларын толтыруды түсіндіру мәселелері қаралды.
Осыған сәйкес облыс әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ өкілдері №4 үлгілік базалық бағытының жобалары бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.
Мәжіліс соңында аудан әкімі аппаратының басшысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағытының орындалуы бойынша жоспарланған жұмыстар туралы қысқаша тоқталып өтіп, жиналысты қорытындылады.

БӨЛІСУ