Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің кезекті кездесуі Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде өтті. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс-офицері, дінтану магистрі Әлібек Жаппасбаев және тіл жанашыры, неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі Светлана Крюгер қатысты.
Топ мүшелері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатын негізге ала отырып, дамудың даңғыл жолына түсудегі тұрақтылықтың маңыздылығына тоқталып өтті.
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері бірлік, ынтымақ, жалпы Сыр өңірінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында қолға алынған ауқымды істер, этномәдени бірлестіктердің жұмыстары, өңірімізде мекен еткен барлық этнос өкілдері достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауы жолындағы еңбектері жайлы айтып өтті.
Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу пікір алмасуға ұласты.

 

БӨЛІСУ