Бүгін аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңақорған кенті орталығындағы #110 мектеп лицейінде бала тәрбиесі жөнінде “Бала басты байлығымыз” атты бірлескен кеңес өтті.

Кеңеске аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандағы барлық мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, кент орталығындағы мешіт имамдары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов жүргізді.

Жиында аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айбол Жолдасбеков, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Даулеталиев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров және Жаңақорған аудандық мешітінің бас имамы Әбдіхалық қажы Нематов баяндамасы тыңдалды.

БӨЛІСУ