Дүйсенбі күні Шиелі ауданы әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алу мақсатында жедел жиын өтті.

Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, полиция бөлімінің қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты.

Аудан әкімі аймақта ушығып тұрғын мектеп жасындағы балалар арасындағы топтық төбелестің Шиелі ауданында қайталанбауы үшін барлық құрылымдар бірігіп жұмыс атқару керектігін, рейдтік шаралар мен түсіндірме жұмыстарын күшейту маңызды екендігін айтты.

Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаттары да ұсыныстарын жеткізіп, “Amanat” партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық “алдымен жауапкершілікті баланың ата-анасы сезінуі керек” деген пікірін айтты.

БӨЛІСУ