Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Дүзелбайұлы бастаған қоғамдық тәртіпті бақылауға құрылған рейдтік топ жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жасап жатыр.

Атап айтсақ, компьютер клубтарына, ойын-сауық орталықтарына, түнгі клубтарға, кафе және бильярд клубтарына барды. Сондай-ақ, орталық стадион, саябақ, спорт алаңдары, тойханалар мен мейрамханаларды аралады.

Топ құрамында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Ахметулла Аманов, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов,
аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов, білім бөлімі және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бар.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ