Биыл Әйтеке би кентіндегі 7 көше асфальтталатын болады. Соның ішінде – 5-ші квартал аумағындағы Ы.Алтынсарин көшесіде бар. Құрылысы жүріп жатқан көшеге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 30,5 миллион теңге бөлінген. Мердігер мекеме – «Қазалы Жолшы» ЖШС.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аталған көшеге арнайы барып, жолдың жайымен танысты.
Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов айтып берді. Ал Әйтеке би кенті әкімі Қайрақбай Орынбасаров кент ішіндегі қиыршық тас төселетін көшелердің де жайын тілге тиек етті. Ы.Алтынсарин көшесінің тұрғындары жүйелі жұмысқа дән риза.
Аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы тиісті сала басшысына жол құрылысын сапалы жүргізуді тапсырды.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі