Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бастаған топтың оқушылар және олардың ата-аналарымен кездесуі Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейде жалғасып жатыр. Жиынды аудан басшысы ашып, қоғамдағы жасөспірімдердің тәрбиесіне тоқталды.

– Қазір Қазалы ауданы туралы тұтас Қазақстан шулап жатыр. Әлеуметтік желіде алуан түрлі пікірлер айтылып, ауданның атына кір келіп жатыр.
Бүгінгі күні аудандағы өзекті мәселенің бірі – әрбір баланың отбасындағы тәрбиесі. Ата-ана ұл-қызына қаншалықты дұрыс тәрбие беріп жатыр?
Несіне жасырамыз, кешегі жағдайда ел ішінде ұстаздарды қараушылар көбейді. Бірақ кінә бір жақтан болмайды, – деді аудан басшысы.

Басқосуда сөз алған аудан прокуроры Дарын Әбіш қазіргі мұғалім оқушыға қарсы қарап жақ ашудан қалды дейді. Өйткені, ата-ана барлығын осы жағдайға жеткізген. Қорыта келе, жастарды ойнап жүріп, от баспауға және қылмысқа бармауға шақырды.

Ата-аналар мен оқушыларға қатысты ауқымды мәселелер қозғалған жиында Қазалы қаласының әкімі Рахметулла Ізтілеу, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, білім қызметкерлері, дербес бөлімдер және зиялы қауым өкілдері болды.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан түрлі ұсыныстар айтылып, тыңдаушылар барлығын қағазға түртіп алды.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ