Жылу энергиясын тұтынушылардың назарына!

10 сәуірден бастап 2022-2023 жылғы жылу маусымының аяқталуына байланысты және ҚР Энергетика министрінің 30 наурыз 2015 жылы №247 бұйрығымен бекітілген «Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану» қағидасының № 623 тармағына сәйкес 2023 жылдың сәуір (апрель) айынан мамыр (май) айының 5 жұлдызына дейінгі уақыт аралығында Қызылорда қаласының жылу желілерінде 16 кгс/см2 дейінгі қысыммен магистральдық және 12 кгс/см2 ауданаралық жылу құбырларының тығыздығына гидравликалық сынақ өткізіледі. Сонымен қатар, жылу желілерінде ең жоғары температуралық жылу тасымалдағыш сынағы өткізілетін болады.

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында сынақ жүргізу кезінде бөгде адамдарға магистральды құбырлардың жанында болуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, қаланың жылу құбырларында (трассаларында) авариялық жағдайлардың туындауының алғы шарттарын болдырмау, кондоминиумның барлық басқару органдары (ПИК).(МИБ) және жылу энергиясының басқа да тұтынушылары, ішкі жылу желілерінің сыртқы жылу желілерінен сенімді ажыратылуы тиіс.

“Қызылордажылуэлектрорталығы” МКК жылу желілерінің филиалына 2023 жылдың 14 сәуір айына дейін жоғарыдағы мәліметтерді көрсете отырып, кепілдік хат ұсынылуы тиіс.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, ішкі жылыту жүйесін сенімді өшіру орындалмаған жағдайда оның салдары үшін жауап бермейді.

Сынақ кезінде желілік судың ағуы және құбырлардың үзілуі анықталған жағдайда диспетчерлік қызметке 25-01-04 телефоны бойынша дереу хабарлау қажет. Ұялы байланыс 8-776-869-20-53 немесе қалалық коммуналдық шаруашылық қызметінің диспетчерлік қызметіне – 109.

БӨЛІСУ