Арал ауданында өткен жылы  16,7 млрд. теңгеге инвестиция  тартылып, өсім 102,1 пайызды  құрады. Инвестицияның  басым  бөлігі,  яғни 71  пайызға ауылдық  елді  мекендерге  тартылса, бюджет қаражатына  деген  тәуелділікті  төмендету  мақсатында, тартылған  инвестицияның  50,0 пайызы  жеке  сектор  қаражаттарын құрады.  Ал 41 пайызы бюджет қаражатына, 9 пайызы қарыз қаражаттарына тиесілі болды.

Салалық  бөліністе инвестицияның 37 пайызы,  яғни 4,5 млрд  теңгесі  өнеркәсіпке салынған.
Есепті жыл ішіндегі ауданның кірісі 5,1 млрд теңгеге жетіп, 105,0 пайызға  артық орындалды.

Аудандағы өнеркәсіп орындары  24,6 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өсім 23,9 пайызға артты.Өндірілген  өнеркәсіп  өнімдерінің  70,0  пайызы  өңдеу  саласына  тиесілі. Есепті  мерзімдегі өңдеу  өнеркәсібінің  өсімі 25,7 пайызға тау кен өндірісінің өсімі 38,4  пайызға  жетті.

Жыл  көлемінде ауданда 1,1 млн тонна тұз, 118,9 мың шаршы метр табиғи  құм  қазылып, 4534 тонна балық, 318 тонна  ет, 1151 тонна нан және нан өнімдері, 301,3 мың тонна йодталған тұз өндірілді.
Индустрияландырудың ІІІ  бесжылдығының  аясында  1620  адамды  жұмыспен  қамтитын 162,2  млрд  теңгенің  9 жобасы іске  асырылып,(«Aral sea food» ЖШС-нің «Балық қалдықтарын қайта  өңдеу цехын  салу» жобасы, «Қамыш Орда» ЖШС-нің «Қамыс шатыр»  жобасы, «QAZAG Camel»  ЖШС-нің «Түйе  сүтінен  құрғақ ұнтақ дайындау зауытын  салу» жобасы, «Арал сода» ЖШС-нің «Кальцийлендірілген  сода зауытын  салу»  жобасы, «Жак Нұр» ЖШС-нің «Титан өндіру  бойынша кенбайыту комбинаты» жобасы, Халықаралық АҚҚ және БШ Қазақ ғылыми зерттеу институтының «Балық және құм өсіру» жобасы, «Арал СДО» ЖШС-нің «Тауарлы балықты өсіру және тереңінен өңдеу кешені» жобасы)өткен жылы оның  3,6 млрд теңгенің 2 жобасы  іске  қосылып, 268 адам  жұмыспен  қамтылды(«Ас тұзын өндіру бойынша ІІІ испан цехы» жобасы: құны 2,9 млрд теңге, жұмыс орындары 198 адам; «Кварц құмын өндіру бойынша тау-кен комбинатының құрылысы» жобасы: құны 790,0 млн теңге,жұмыс орындары 73 адам). Қалған 7 жоба бойынша  жұмыстар жалғасуда.

Сонымен  қатар, 426 адамды қамтитын 7,3 млрд теңгенің 5 жобасын индустрияландыру  картасына енгізу үшін қосымша ұсынылуда («Арал полимер» ЖШС-нің «Қап өндіру зауытын салу» жобасы, «Арал кварц» ЖШС-нің «Құрғақ құрылыс  ұнтақтарынөндіру зауыты»  жобасы, «ДК Алпысбаев»  ЖШС-нің «Мал бордақылау  алаңы және шұжық  өндіру  цехы» жобасы, «Асфур» ЖШС-нің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ  дайындау цехы»  жобасы, «Арал теңізі» ҚҚ «Полимер қалдықтардан құмды  полимер  плиткасын өндіру» жобасы).

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6038 бірлікті құрап (заңды тұлғалар – 278, дара кәсіпкер – 4507, шаруа қожалықтары – 1253), есепті кезеңмен салыстырғанда 35,1 пайызға өскен. Ал, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 5751 бірлікті құрап, 43,6 пайызға көбейді. Жалпы тіркелген  субъектілердің ішінен жұмыс  жасап тұрғандарының  үлесі 95,2  пайызға жетті (облыстық  көрсеткіш 93,4 пайыз).

Өткен  жылы Арал қаласында аудандар арасында орталықтандырылған «Кәсіпкерлік үйі» алғаш болып ашылды. Қазіргі таңда, нысан кәсіпкерлерге және кәсібін бастаймын деген азаматтарға бизнес кеңес беру секілді қызмет түрлерін бір орталықтан көрсетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ жаңа нысан бірнеше мемлекеттік мекемелер мен «Кәсіпкерлік Палатасы» өкілдерінің басын қосты.

Жыл көлемінде  мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 1910,7 млн. теңгенің  142 жобасы несиелендірілді:

«Атамекен» шағын несие ұйымы арқылы 48,6 млн тенгенің 9 жобасы;

«Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны 110,5 млн. теңгені  11 жобасы;

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны 134,6 млн теңгенің 13 жобасы;

«Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы құны 273,0 млн теңгенің 29 жобасы;

«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі қаржы ұйымдары арқылы құны 1344,0 млн. теңге болатын 77 жобасы.

Одан бөлек 74,0 млн. теңгенің 7 жобасы оң шешімін алып отыр:

«Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны 103 млн. теңгенің 22 жобасы;

«Агралық несие корпорациясы» АҚ арқылы 11 млн. теңгенің  2  жобасы;

«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 50,0 млн. теңгенің 3 жобасы.

Жыл ішінде «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жобасының» аясында жалпы құны 490 млн. теңге болатын 400 жоба қайтарымсыз грант қаражатын алды.
Арал ауданында  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту мақсатында 2022 жылы 42 жоба іске қосылды.

азық-түлік тауарларын өндіру бойынша – 13 жоба;
азық-түлік емес тауарларды өндіру бойынша – 5 жоба;
ауыл шаруашылығы бойынша –3 жоба;
қызмет көрсету бойынша – 15 жоба;
денсаулық  сақтау бойынша – 3 жоба;
мектепке дейінгі білім  беру – 3 жоба.

Агроөнеркәсіп кешені  саласында  2022 жылы еңбеккерлердің  жұмысы  жемісті  болып, ауданымыз «Мал және  балық шаруашылығын дамыту» бойынша аудандар  арасында үздік деп танылды.

Өткен жылы 13,4 млрд  теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, 104,2 пайызды құрады.
Былтыр ауылшаруашылығын дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасын бекітілген болатын. Жол картасы негізінен 3 бағытқа, яғни мал, балық және егін шаруашылығын дамытуға көзделген.

Бірінші кезекте жайылымдық, шабындық және суармалы егістік жерлерді суландыру мәселесін алға қойылды. Осы орайда, барлығы 13 су ұңғымасы қазылып, 10 канал тазартылып, 5 гидротехникалық құрылыс (тоспа) салынды.

Екіншіден, егін шаруашылығын дамыту қолға алынды.
2021 жылға дейін ауданда екі елді мекенде, егін егіліп келсе, жол картасы аясында бұл көрсеткіш 11 елдімекенді қамтыды.

Үшінші бағыт бойынша Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін ретке келтіру үшін Дарияның «Бұрмақұлақ» учаскесін бөгеп, «Аспай» суағытқысын іске қостық.

Бұл жұмыстар аталған екі көл жүйесін толтыру және осы көлдерден балығын аулап, нәпақасын тауып отырған тұрғындар үшін үлкен жемісті жоба болды.

Келесі, мал шаруашылығына тоқталсақ. Қазіргі кезде, аудандағы барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 53,6 мың бас мүйізді ірі  қара, 83,7 мың бас қой мен ешкі, (оның ішінде: қой 53703 бас, ешкі 30083 бас), 49,3 мың бас жылқы, 33,3 мың бас түйе және 4 мыңға жуық бас құс (тауық) бар. Осы мал басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 107,3 пайызға, жылқы 115,1 пайызға, түйе 108,5 пайызға және құс  109,1 пайызға жетті.

Тиісінше, мал шаруашылығынан алынатын өнім еселенді. Жыл көлеміндеет өндіру (тірілей салмақта) 4806,3 тонна, сүт өндіру (сиыр сүті) 10583,1 тонна, жұмыртқа өндіру 134,7 мың  дана болып, өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда ет өндіру 102,4 пайызға, сүт өндіру 102,6пайызға, жұмыртқа өндіру  102,0  пайызға  орындалды.
Қазіргі кезде ауданда 7 мүйізді ірі қара, 4 жылқы, 1 түйе, 2 қой, барлығы 14 асыл  тұқымды  мал  өсіретін  шаруашылықтар  жұмыс  жасауда.

Өткен жылы, «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1 шаруашылық 44 бас қазақтың ақбас сиырын, 1 шаруашылық 10 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, асыл тұқымды шаруашылықтар қатарын толықтырды.

Агроөнеркәсіп кешенін  дамыту  мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы саласын дамытудың Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Жол картасы аясында 3 бағыт бойынша 30 жоба  іске асырылып, ауданға 792 млн теңге  инвестиция  тартылса, 200-ге жуық  адам жаңа  жұмыс  орнымен  қамтамасыз  етілетін  болады.

БӨЛІСУ