Кәмелетке толмаған білім алушылар арасында құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастырып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов, жергілікті полиция бөлімінің бастығы Е. Асылханұлы т.б сала мамандары Жалағаш кентіндегі 5 мектепте, 4 ауылдық округте жоғарғы сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Профилактикалық шаралар аудан бойынша тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін кәмелетке толмағандардың арасындағы басты мәселелердің бірі түнгі уақытта ата-анасыз жүрген балаларды болдырмау мақсатында аудандық полиция департаментімен бірлесіп, 51 рейдтік шаралар өткізілді.

Бала біздің болашағымыз дейтін болсақ, елдің ертеңі жарқын болу үшін барлығымыз бір кісідей ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете білу керекпіз.

БӨЛІСУ