Бүгін Қазалы ауданы орталығындағы бірқатар білім беру орындарында топтық төбелестің алдын алу мақсатында «AMANAT» партиясынан сайланған облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе мектеп оқушыларымен, ата-аналармен және ұстаздармен кездесу өткізді.

Кездесулерде өткен аптада ауданымызда орын алған оқыс оқиға бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелестің алдын алу, жолын кесу сонымен қатар құқық бұзушылыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу бағыттарында түсіндірме жұмыстары жасалды.

Сондай-ақ, топтық төбелестің алдын алу бойынша ауданда жұмысшы топ және қоғамдық тәртіпті бақылауға құрылған түнгі рейдтік топтар тиісті жұмыстар атқарып жатқандығын тілге тиек етті.

Мұнан соң кездесулерге қатысқан учаскелік полиция қызметкерлері сабақ уақытында мектептен тыс жерде жүрмеу, түнгі мезгілде белгіленген уақыттардан кейін оқушылардың заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі керектігін айтып, оқушыларға және ата-аналарына мұндай жағдайда қандай жауапкершілік қаралатындығын ескертіп өтті.

#AMANAT

БӨЛІСУ