Аудан әкімдігінің мәжіліс залында №4 «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағытын түсіндіру бойынша құрылған жұмысшы топ өкілдерінің қатысуымен жиын өтті.

Басқосуға аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп, Қызылорда облысы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Шакирбаев, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы Берік Шерниязов, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің маманы Ғабит Аяпбергенов, облыстық экономика және қаржы басқармасының жобалық басқару бөлімінің статисті Әлішер Абсадық және Қызылорда облысының Әділет департаментінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Нұржан Бодыбаев қатысты. Сондай-ақ, жиында дербес бөлім басшылары мен мамандары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және қала, кент, ауылдық округтердің мамандары болды.

Аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібіндегі мәселе – №4 «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағытының нұсқаулықтары мен әдістемелерін және есептілік формаларын толтыруды түсіндіру. Соған сәйкес Қызылорда облысынан келген жұмысшы топ өкілдері айқындалған жобалар бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы мәжілісте өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, қажетті ақпараттар таратылғанын айтты.

©️Қазалы ауданының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ