Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек ауданда карьерлер қазу қызметімен айналысатын «АНК-Дәулет» ЖШС-нің жұмысмен танысты.
Қазіргі таңда 40 адамды жұмыспен қамтып отырған Серіктестік төрағасы Қанатбай Дәулет, аудан басшысына кәсіпорынның өңдеу саласына да бетбұрыс жасағандығын баяндады. Оның ішінде сплиттерлік блоктар өндірісін жолға қойып, алдағы уақытта газоблок өндірісі жобасын іске асыруды жоспарлап отырғандығын жеткізді.
Бүгінгі күні жобаны «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде 60 млн теңгеге несиелендіру мақұлданған. Жобаның жалпы құны 120 млн теңге. Алдағы уақытта жоба іске асырылған жағдайда қосымша 10 адам жұмыспен қамтуты жоспарланып отыр.
Аудан әкімі өз кезегінде Серіктестік төрағасының кәсібіне береке, жаңа бастамаларына табыс тіледі.

БӨЛІСУ