Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы қайырымдылық жанашырларын арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
Қабылдауға аудандағы ерікті жастардың қайырымды істердегі қарымды бастамаларына қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер және тегін Заң қызметтерін ұсынып жүрген Нотариус қызметкерлері қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары жиынның алғы сөзінде ауданда қайырымдылық істердің ұйымдастырылуына белсене атсалысып, жас еріктілердің игілікті бастамаларына қолдау білдіргендері үшін алғысын жеткізіп, алдағы уақытта да адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленіп, халық құрметіне ие болып жүре беретіндеріне сенім білдірді.
Сондай-ақ, қайырымдылық жанашырларына аудан басшысы Жандос Еркінбектің арнайы құттықтауын жеткізе отырып, алғыс хаттарын табыстап, сый-құрмет көрсетті.

БӨЛІСУ