Бүгін Қызылорда облыстық балалар ауруханасының ауласында дәстүрге айналған тал егу акциясы болып өтті. Акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту, көгалдандыру, жайқалған жасыл желекке айналдыру.
Шаһар келбетінің көркеюін мұрат еткен берекелі бастамаға облыстық дін істер басқармасы, дін мәселелерін зерттеу орталығы, діни конфессия өкілдері, облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылық өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, “Ассамблея жастар” ұйымы және волонтерлары атсалысып, сауапты іске себепкер болды. Аулаға 50-ге жуық тал көшеттерін екті.
Акцияға қатысушылар «Ең бастысы табиғат тазарып, кент кескіні келісті болып, сая болатын ағаштардың саны артқаны қуантады. Еккен көшеттеріміз тамыр жайып, көгере берсін!»- деді.

 

БӨЛІСУ