Арал ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы аудан әкімдігі мен аудандық білім бөлімі қызметкерлерімен қала және кент орталығында беймезгіл уақытта көшеде балалардың жүруі, құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған рейдтік іс шара уақытында кәмелеттік жасқа толмаған балалар (оқушылар) мен жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінің қарауынсыз көшеде жүруіне тосқауыл қою, сонымен бірге, заңды өкілінің ертіп жүруінсіз ойын сауық орындарында болуына, құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылуда.

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе.

Түнгі беймезгіл уақытта балалардың көшеде жүрмеуін қадағалауды ата-аналар назарына саламыз.
Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүзеге асырылатын болады. Бала басты байлығымыз, олардың қауіпсіздігімен қоғам болып айналысқан жағдайда ғана жақсы нәтижеге қол жеткізетін боламыз.

БӨЛІСУ