Арал ауданының Полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары, Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары Арал қаласы және Сексеуіл, Жақсықылыш кентттері, Қамыстыбас ауылдық округінде орналасқан барлық білім беру ұйымдарында, білім беру ұйымдарының директорларымен және білім бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жасөспірімдер арасында топтық төбелестер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата – аналар жиналысын өткізіп, қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы жасөспірімдер арасындағы мәселелерге тоқталып, заң талаптары баяндалып, қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарын таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және жазалар жайлы мағұлмат берілді.
Сонымен қатар жастар арасында әлімжеттік пен құқық бұзушылықтын алдын алу, «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу», білім алушылар арасында жаман әдетке үйір болмау, түнгі рейдтер туралы, ішкі тәртіпке бой ұсыну, темекі, ішімдік сияқты заттардан аулақ болу, бір-біріне үстемдік жасамау сияқты жаман әдеттердің алдын алу тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Жамандыққа бармаудың бір жолы балаларының бос уақытын тиімді пайдаланып, өздеріне қажетті іспен айналысуға, мысалы, білім алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналысу секілді жақсы қадамдар жасап, бұл шаралардың бүгінгі ұрпақтың қоғамнан тыс қалмауына зор ықпал ететініне ата – аналарға сенім білдірді.
Құрметі ата-аналар, әр ата-ана дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, саналы, білімді, ар-намысын жоғары қоятын азаматты тәрбиелеу басты мақсат. «Бала – бауыр етің». Өміріңнің мәні де, сәні де солар… Таңның атысы мен күннің батысына қарамай, жұмыс істеуіңнің себебі де сол бала қамы. «Қайтсем, ұрпағыма жағдай жасаймын» деген ата-ана үшін бұл бақытты өмірдің баспалдағы іспетті.

БӨЛІСУ