Skip to content

ПРЕЗИДЕНТ АСТАНАНЫҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады.

Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді.

Астана әкімі биыл 6,5 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 ауысыммен оқитын 90 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектептің жобасы жасалып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына инвестиция тарту шаралары туралы мәлімет берілді. Елордаға құйылған инвестиция көлемі бірінші тоқсанда шамамен 200 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20% көп.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы одан әрі дамыту, сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау, сондай-ақ елорда тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.