2023 жылдың 6 сәуірінде қалалық мәслихат депутаттары қаладағы құрылыс жұмыстары мен тұрғындардың өтініштері бойынша өзекті бірнеше нысандар аралады.
Алдымен депутаттар, сол жағалаудағы тұрғын үйлер құрылысына барды.
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы №2-ші шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ипотекалық 10 тұрғын үй бір мезетте салынуда.
Үйлердің жалпы ауданы 29 907,2 м2 құрайтын 470 пәтер.
Оның ішінде депутаттар үй №6 тұрғын үйге тоқтады. 50 пәтерлі ипотекалық көп қабатты тұрғын үй, 2022 жылы қараша айында басталған, жоба сметалық құны 890 млн. теңге. Мердігер мекеме «Аман-Құрылыс» ЖШС. Үйдің құрылысы биыл желтоқсан айында аяқталады.

Депутаттар өз кезегінде қалалық құрылыс құрылыс бөлімінің басшысына соңғы уақытта салынып жатқан үйлердегі аула ішілік жолдардың тар екендігін, көліктерді қоюға орын қарастырылмай отырғандығын жеткізді. Оған қоса, көп қабатты үйлердің бір бөлігінен үйдің коммуналдық жүйесіне жауап беретін мамандарға арналған бөлмелер қарастыру, Сол жағалаудағы салынған арық жүйелерін тиімді пайдаланып, олардың уақыт өте көміліп қалмауына жол бермеу үшін уақытылы аяқ су жіберуді ұйымдастыру туралы ұсыныс берілді.

Екінші нысан, Цон аумағындағы көшелерге жаяу жүргіншілер жолының салыну барысы болды.
Жаяу жүргіншілер жолы, Отырар көшесі (Шүкіров көшесінен Атамекен балалар ауылына дейіңгі аралық) ұзындығы 1458,6 метр, (сметалық құны 23, 4 млн.теңге) салынуда.
Мердігер мекеме «Қызылорда жолдары» ЖШС. Қазіргі таңда, мердігер мекеме 1 көшені толық аяқтап, 7 көшеде бордюрлер орнатылып, қиыршық таспен толтырылып, асфальт төсеу жұмыстарына дайындап қойған.

Депутаттар тарапынан, жұмыстардың сапалы болуына назар аудару, бірінші кезекте халық көп жүретін көшелерге бағыттау туралы ұсыныстарын жеткізді.

БӨЛІСУ