Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлының төрағалығымен NEET санатындағы жастардың тізімін «Отбасылық цифрлық картасында» өзектендіру мәселесі жайында мәжіліс өтті.

Мәжіліске Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Гүлназ Базарбайқызы, облыстық жастар ресурстық орталығының ахуалды талдау және ақпараттық әдістемелік бөлімінің басшысы Алмагүл Құлмағамбетқызы, облыстық жастар ресурстық орталығының NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Динара Миліханқызы сонымен қатар аудандағы дербес бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты.

Жиын барысында жастардың қоғамдағы әлеуметтік статусын анықтау, NEET санатындағы жастардың санын азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы талқыланды.

БӨЛІСУ