Бүгінде Байқоңыр қаласы бойынша 4000-ға жуық Ресей Федерациясының заңнамасымен зейнетке шығып, зейнетақы алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының сақтандырылмауы болып отыр. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен шешу жолдары қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған мәселе қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Ы. Нұртайдың тікелей бақылауында.
Осы мәселелер аясында, бүгін Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары –Ж.М. Шаймбетов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Т. Исмаханбетов арнайы келіп, медициналық сақтандырылу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиында медициналық сақтандыру бойынша білім саласы қызметкерлері, кәсіпкерлікпен айналысатын тұрғандар тарапынан туындаған мәселелер талқыланып, кейбір мәселелер жиын барысында оң шешімін тапты. Сала мамандарына бірнеше сұрақтар қойылып, заң аясында ақпараттар берілді.

БӨЛІСУ