Бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан қалалық ақсақалдар кеңесі құрылып, алғашқы отырысы өткізілді.

Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округынен кеңес мүшелері жинақталып, толық құрамда қатысты.

Сондай-ақ, жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қ.Ы. Нұртай арнайы қатысты.

Кеңейтілген жиында Ақсақалдар кеңесін басқару Қармақшы ауданының құрметті азаматы, облыстық және аудандық мәслихаттары шақырылымдарының бірнеше мәрте депутаты болған Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Академик С.А. Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғарғы колледжінің директоры Дауленбаев Ануарға тапсырылды. Сонымен қатар, кеңес мүшелерінің шешімімен білім саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан, білім саласының майталманы Купияев Жайық кеңестің хатшысы болып бекітілді.

Кеңестің мүшелері төмендегі тізімге сәйкес:

Сүйеуімбетов Шайқыбек – әлеуметтік сала ардагері;

Жүсіпов Боранбай – құрылыс саласының ардагері;

Нұров Қарасай – денсаулық сақтау саласының ардагері;

Алдажаров Жиеней – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласының ардагері;

Жұмаев Шаяхмет – кәсіпкерлік саласының ардагері;

Ерғазиев Болатбек – мәдениет, өнер саласының ардагері;

Кеулімжаев Қонысбай – кәсіпкерлік саласының ардагері;

Медесов Сәндібек – ардагер;

Муталиев Мәлік – құрылыс саласының ардагері;

Кеулімжаев Тыныштыбай – экология саласының ардагері;

Кәрібаев Байқабыл – құқық қорғау органдарының ардагері;

Жылқыбаев Орақ – заң саласының ардагер;

Күншығаров Қазыбек – ауыл шаруашылығы саласының ардагері;

Өз кезегінде Қ. Нұртай – «Ақсақалдар алқасы қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға көмек көрсетіп қана қоймайды, ол дербес құрылым ретінде ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің дер уақытында шешімін табуына үлес қосады. Кеңес мүшелері елге сыйлы, әртүрлі салаларда еңбек еткен алдыңғы буын ағаларымыздан құралған. Осындай жоғары деңгейде жасақталған кеңес мүшелері өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ел бірлігін сақтауда өз үлесін қосады деп сенемін», – деп қорытындылады.

БӨЛІСУ