Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша 14 азаматты қабылдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға келгендердің басым көпшілігі аудан басшысына тұрғын-үй мен жер кезегіне қатысты және тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесімен жүгінді. Мұнан бөлек, азаматтар Ұлы Отан соғысының ардагеріне кент ішінен көше атауын беру, сауда дүкенін ашу үшін жер телімін беруге арналған аукцион ұйымдастыру секілді өтініштерін айтты.

Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін тыңдап, заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сондай-ақ, мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ