Облысымыздағы пероналды басқару қызметінің басшыларына (кадр қызметіне) онлайн форматта семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингте барысында жыл басынан бері заңнамаларға еңген өзгерістер түсіндірілді.
Онда:
1. Цифрландыруды дамыту турлы;
2. Аудан әкімдерін сайлау жөнінде ;
3. Мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және одан шығу тәртібін жеңілдету жөнінде;
4. Мемлкеттік қызметті жетілдіру туралы;
5. Әкімшілік реформа туралы;
Бұдан басқа Мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында 2023 жылы
20 наурызда қабылданған заңдар таныстырылды.
Атап айтқанда:
1. Мемлекеттік органдарға нақты бір жобаны атқару үшін уақытша келісімшарт бойынша қызметкерді алу мүмкіндігі;
2. Өзге өңірге ротацияланған қызметшіге үй жалдауға төлем енгізу;
3. Агенттікке мемлекеттік қызметте қашықтықтан жұмыс жасау және икемді жұмыс кестесін реттеу құзыретін беру;
4. Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің міндетті жұмыс өтеу тәртібі өзгертілу;
5. Мемлекеттік органдардағы басқарушы және атқарушы лауазымдар санын реттеу туралы;
6. Агенттікке жалақы үшін мемлекеттік қызметшінің жұмыс өтілін есептеу тәртібін бекіту құзыретін беру мәселесі;
7. Президент шешімімен саяси қызметшілерді «сенім жоғалтуына» байланысты жұмыстан шығару мүмкіндігі турасында;
8.Агенттікке мемлекеттік органдарда жұмыс кестесінің дұрыс сақталуына мониторинг жасау функциясының берілгендігі туралы;
9. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысы саласындағы актілерді міндетті түрде агенттікпен келісу сынды тақырыптарға тоқталып өтті.
Семинар соңында пероналды басқару қызметінің басшыларын толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, сауалдары қанағаттандырылды.
2023-04-05