Бүгін аудан орталығындағы «Мәдениет үйінде» Арал аудананың полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрбек Шегебаевтың бөлім қызметкерлерімен атқарған жұмыстары жұмыстары бойынша халық алдында есеп берді.
Есеп беруге аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев, аудан прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Марат қатысты.
Жиналыста, өткен жылдардағы қылмыстар, ағымдағы жылдың І-тоқсанында тіркелген қылмыстар, мал ұрлықтары, алаяқтық, нашақорлық, зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, жол көлік оқиғалары, көше мен полиция бөліміне қондырылған бейнекамералар туралы мәліметтер жеткізілді.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өткізіліп, 12 азамат алғыс хатпен марапатталды.
Жиын соңын аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев қорытындылап, қылмыстың алдын алу, мал ұрлығын болдырмау мақсатында тұрғындар құқық қорғау органдарымен тығыз қарым қатынаста жұмыс жасау қажеттігін айтты. Сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмысты азайту мақсатында ата-аналар жауапкершілігін жоғары сезініп, бала тәрбиесіндегі өз міндеттерін бұлжытпай орындау керектігін тілге тиек етті.

БӨЛІСУ