Бүгін облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мырзабеков Марат Салхадинұлы партия алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, толғандырған мәселелері бойынша нақты кеңестер берді.
Қабылдау барысында тұрғындар декреттік демалыс орнына уақытша қызметкер алу, оған төлемдер төлеу нормалары, зиянды заттармен жұмыс жасайтын техникалық қызметкерлердің төлемдері мен еңбек демалыстары, қосымша жүктемелерге төлем ақы мәселелері төңірегінде сауалдар қойып, нақты жауаптар алды.
Келушілерге ҚР Еңбек Кодексінің нормалары міндеттері кеңінен түсіндірілді. Соның ішінде 45 күндік еңбек демалысы сыртқы дәретхананы орындарын тазалушы қызметкерлер үшін ғана берілетіні, және хлор қолданғаны үшін ол қызметкердің жалақысына 20% қосымша, ал тазалау аумағында санитарлық торап болса 30% берілетіні, ұжымдық шарт бойынша еңбек демалысының ауқымы, төлемі реттелетіні айтылды. ҚР ЕК 111-бап бойынша өзге лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы төлену көзделгені айтылды. Егер еңбек шартында көрсетілген жұмыс уақытынан, ауқымынан тыс жұмыс жүктеу фактілері орын алса, оған Кодекс нормалары бойынша жауапкершілік қарастырылғаны де жан -жақты түсіндірілді.
Қабылдауға құрылыс нысаны бойынша сауалмен келген азамат болады. Оған таратпа материал ұсынылып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге дейінгі алғышарттарды сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, Заң нормаларын сақтамаған жағдайда жауапкершілік қарастырылғаны және айыппұлдар көлемі ескертілді.
Атап өту керек, кешеден бастап «AMANAT» партиясының аймақтық және аумақтық филиалдарының қабылдау бөлмелерінде барлық деңгейлердегі депуттаттардың қабылдау кестелері жасалды. Енді әрбір депутат кем дегенде тоқсананына бір рет партия алаңында сайлаушылардың талап тілегін тыңдайтын болады.
Әрбір қабылдаушының күні мен уақытын партияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан біліп және алдын ала жазылуға болатындығын естеріңізге саламыз.