Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің қызметінде заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқыту семинары өтті.
Күн тәртібіндегі Әкімшілік рәсімдік процестік Кодекстің қолданылуы туралы аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Ардақ Жанұзақ, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңдарының қолданылуы жөнінде аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев хабарлама жасалды.
Аппарат басшысы Ринад Тілеп заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қатаң бақылау орнатып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс талаптарына сәйкес жолданым, арыздарды қарау барысында тіркеу жұмыстарына және мерзіміне қатаң мән беруді жүктеді.
Семинар барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.
2023-04-05