Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңілдікпен микрокредит берудің қағидасын бекітті.
Қағидаларда кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микрокредит беру көзделген.
Микрокредиттер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% – дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.
Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Қазіргі уақытта Еңбекмині:
– жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар жасасу;
– «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;
– бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Микрокредит алуға өтінімдерді қабылдау уақытымен және өтініш беретін кеңселердің мекенжайлары туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.
Несиелеу шарттары, аграрлық сақтандыру, АӨК және кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың басқа да шаралары туралы толығырақ @AgrocreditKZ телеграм арнасында оқи аласыздар.