2023 жылғы 27 наурызда Қызылорда облысы бойынша ҰҚКД прокуратурамен бірге аса ірі көлемде киік мүйіздерін сату үстінде Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғынын ұстады. Жалпы салмағы 100 келіден аса киік мүйіздері алынды.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК 339-бабының 3-тармағы бойынша (жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен аса ірі көлемде залал келтіре отырып заңсыз айналысу,) қылмыстық іс тергелуде. Қылмыстың ұйымдастырушысы қамауға алынды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

БӨЛІСУ