Облыс әкімінің тапсырмасымен Шиелі ауданында ақпан айының 27-нен бастап “Көркейту-көгалдандыру” жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгін де бұл игі істер жалғасын тауып, аудан ардагерлерімен бірге Шиелі ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Болатбек Ысмағұлов және жаңадан сайланған аудандық VIII шақырылым мәслихат депутаттары кент аумағында бірнеше жерге көшет екті.

Айта кетейік, аудан орталығындағы “Шымкент-Самара” трассасының бойында шаруа қожалықтардың демеушілігімен 3,6 гектар жерге мыңдаған түп көшеттер егіліп, 6,4 шақырым аумақ қоршауланды. Одан бөлек, кенттегі И.Әбдікәрімов, Яссауи көшелерінің және технологиялық жолдың бойына ірі өндіріс орындарының, мекемелер мен жеке тұрғындардың жұмылдырылуымен 7,1 гектар жерге көшеттер отырғызылуда.

Биылғы меже 24 000 түп көшет егу болса, біз елді мекендерді қоса алғанда жалпы аудан бойынша бүгінгі күнге дейін 40 мың 200 түп көшет отырғызылды. Аталған аумақтар арықпен келетін аяқ судан бөлек, арнайы ұңғымалардың көмегімен суғарылып жатыр. Егілген көшеттердің шығымдылығына жыл көлемінде күтіп баптау шаралары жүргізілетін болады.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ