Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, мектеп директорлары мен тәрбие орынбасарлары қатысты.
Комиссия отырысында «Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары туралы» Қармақшы аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі бастығының және «Даму мүмкіндігі шектеулі және мүгедектігі бар балалардың жағдайы туралы» тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалды.
Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы «2022 жылы комиссия отырысында қосымша қаралған мәселелер туралы» баяндады.
Жиналыс қорытындысымен комиссия отырысының төрағасы жасалған хабарламалар мен ұсыныс пікірлерді ескере отырып, құқық қорғау органдары мен тиісті мемлекеттік орган басшыларына жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
2023-03-31