Апта басында аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетовтың төрағалығымен шаруа қожалық төрағаларының қатысуымен жиын өтті.
Кездесуге ауыла шаруашылығы және жер бөлімінің басшысы Мұрат Әшірбеков, «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы Дихан Әубәкіров қатысып, егіс науқанына, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Мәселен, «Шиелісушар» өндірістік бөлімшесінің басшысы Дихан Әубәкіров су тапшылығы күтіліп отырғанын жеткізіп, шаруа қожалық төрағаларына күріштің көлемін 12 мың гектардан асырмау керектігін ескертті. Аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Амантайұлы да төрағаларға су тапшылығы орын алған жағдайда, еткен еңбектің далаға кетерін айтып, күріш дақылын келісілген мөлшерден артық екпеуге шақырды.
Сондай-ақ, Ерсұлтан Апетов көркейту-көгалдандыру жұмыстарына атсалысып жатқан шаруа қожалықтарға алғысын айтып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуге шақырды. Шаруа қожалық төрағалары да ұсынысты құптап, тиісті нәтиже шығаруға уәде берді.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі