2024 жылдың 1 шілдесі күні «Адал адам-мәдени тәрбие орталығы» жобасының «Жанұя шуағы» бағытында «Өнерлі балалар» атты ағайынды балалар арасында аудандық өнер фестивалі ұйымдастырылды.

Өнерлі балаларды халыққа таныту, насихаттау арқылы олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, бойларына ұлттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған аудандық өнер фестиваліне 13 отбасының ағайынды балалары қатысып, әр түрлі жанрда өз өнерлерін көрсетті.

«Ән жанры» бойынша ағайынды Сәдуақасовтар, Әлтаевалар, Бахтияровалар, Серікбаевалар, Шахмұратовтар, «Би жанры» бойынша ағайынды Бабыровалар өнерлерін көрсетті. «Бейнелеу өнері» мен «қолөнер бұйымдарын» ұсынған ағайынды Бәйменовтер, Карловтар, Алтайбековтер, Ибрагимовтердің бұйымдары мен суреттерінен көрмелер ұйымдастырылды. Өнерпаздар сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.

БӨЛІСУ