Ауыл шаруашылығын дамытудағы жүйелі проблемалық мәселелердің бірі – қала, кент және ауылдық округ әкімдері жүргізетін шаруашылық есебінің негізінде қалыптастырылған мәліметтерді пайдалануға байланысты салалық статистиканың бұрмалануы.

Қате кіріс деректері нарықтағы өнім тапшылығы, артық өндіріс, мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі және басқа да жағымсыз салдарлар сияқты күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін.
Саланың тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласындағы статистикалық деректерді сәйкестендіру жұмыстарын аяқтады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны бағытындағы әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректерін өзектендіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, ірі қара мал басы шамамен 2 млн басқа, сүт өндірісі 3 млн тоннаға, қой саны – 14% -ға, ешкі – 20%, шошқа – 34%, үй құсы – 22%, тірі салмақтағы ет өндірісі – 15%, тауық жұмыртқасы – 10% қысқарды.
Тиісті деректер жоспарлау мен ішкі нарықты реттеу бойынша шешімдер қабылдау сапасын арттырады.
Дәл осындай жұмыстар өсімдік шаруашылығында да жүргізілуде, оны 2024 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарланған.

Ветеринария ғылыми-зерттеу институты «Жылқы хеликобактериозын диагностикалау мақсатында иммуноферменттік тест-жүйесін әзірлеу», «Малдың жұқпалы ауруларына мониторинг жасау және олардың алдын алу шараларын ұйымдастыру» жобаларын орындап келеді. Сонымен қатар, ветеринария саласының ғалымдары бруцеллездің індеттік жағдайын нақты анықтау, орындалып жатқан жалпы және арнайы шараларды объективті бағалау үшін толыққанды, жан-жақты мониторингтік зерттеулер жүргізбекші. Соның нәтижесінде малдың (табын, отар, үйір, т.б. бойынша), әкімшілік территориясы (ферма, ауылдық аймақ, т.б.) сертификацияланады, олардың бруцеллезден статусы анықталады. Мониторингтік зерттеулер негізінде мал бруцеллезі бойынша облыстың, аудандардың, ауылдық округтің нозогеографиялық картасы жасалып, аймақ 3 класқа бөлініп, (Таза, А, Б, С), статусына байланысты 1 жылдық арнайы шаралар схемасы ұсынылады. Осы бағытта академия ғалымдары ветеринария мамандарының біліктілігін арттыруға дайын.
Жеміс-көкөніс ғылыми-зерттеу институты отандық көкөніс дақылдары және картоп селекциясын жасап, Қызылорда жағдайына бейімделген отандық сорттарды, отандық дақылдарының шөлге төзімді сорттарын шығару мәселелерімен айналысып келеді.

БӨЛІСУ