Қазақстан аумағында шегіртке зиянкестерінің таралуына байланысты жағдай Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Қазақстан аумағында 2,5 млн га алқапта үйірлі шегірткелердің таралуы болжануда.
26 маусымдағы жағдай бойынша 1,8 млн га астам аумақ қорғау шараларымен қамтылды. Оған 2500 адам тартылды, 427 арнайы бүріккіш техника қолданылуда.
Мамандардың мәліметінше, қолданылатын препараттардың тиімділігі 85%-ды құрайды.
Ақтөбе облысында италия прусы мен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс іс-шаралары барлық 12 ауданда жүргізілуде.
Бүгінгі таңда өңдеуге жоспарланған 784 мың гектардың 540 мың гектарында жұмыстар аяқталды, 74 бірлік техника жұмылдырылған.
Түркістан облысында химиялық өңдеу аяқталды, мароккалық шегірткеден 366 мың гектар жер өңделді. Жаңадан анықталған қосымша ошақтар тазартылуда.
Қостанай облысында итальян прусы мен азиялық шегірткеге қарсы 409 мың га өңделді. 130 қызметкер тартылды. 55 бірлік техника пайдаланылуда. Іс-шаралар жалғасуда. Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша өңірде Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов жүр.
Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Абай облыстарында 505 мың га өңделген.
Шаруалар өңдеуге қолдау көрсетуде: атап айтқанда, су жеткізуге көмектеседі, шегіртке зиянкестерінің шоғырлану орындары туралы хабарлайды.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында химиялық өңдеулер жүргізу өңдеуге жататын алқаптардың анықталуына қарай басталады.
Жағдай тұрақты, мониторингтік зерттеулер жалғастырылуда. Қорғаныс іс-шараларын уақтылы жүргізу үшін препараттар мен техника жеткілікті.
Шекара маңындағы аумақтардағы жағдай бақылауда.
Ал, Қызылорда облысында 50 мың гектарға жуық жер шегірткеге қарсы дәріленеді. Бүгінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында шегірткенің италиялық прус түрі кездессе, Шиелі мен Жаңақорғанда азиялық шегірткенің дернәсілдері жер бетіне шыққан.

Бүгінде бұл аумақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Зиянкестердің ошағын анықтау және бақылау үшін өңірде жұмыс тобы құрылды. Мониторинг шаралары іргелес Түркістан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының мамандарымен бірге жүргізіліп жатыр. «Соңғы жылдары аймақта азяилық шегірткенің азайғаны байқалады», – дейді мамандар. Мұхтар Оразбаев, облыс бойынша аумақтық инспекция басшысы: – Былтыр 2023 жылы өңделген жұмыстармен 2024 жылы өңделген жұмыстардың арасында қазір 5 мың 364 гектарға азайды. Оның ішінде азиялық типтес шегіртке түрлерінің азаю көлемі байқалады. Есесіне былтырғыға қарағанда биылғы италиялық преске қарсы өңдеу жұмыстары 2 мың гектарға артып отыр. Бұл да болжамдау әдістемелік орталығының зерттеу жұмыстарының арқасында.

БӨЛІСУ