Тереңөзектік Оразбеков Жасұлан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауданда алғашқылардың бірі болып 2,5 пайыздық несие алып, қызмет көрсету саласы бойынша іс бастаған. Алған қаржыға ассенизатр көлігін сатып алған.

Жасұланның халыққа көрсететін бұл қызмет түріне бүгінде сұраныс өте жоғары. Тіпті Тереңөзекте басқа ассенизатор көлігі жоқ дейді кәсіпкер. Осылайша жастайынан үлкен көліктерге қызығып өскен Жасұланның техникалық көлікпен кәсіп жасаймын деген арманының орындалуына «Ауыл аманаты» жобасы негіз болып отыр.

💬Кәсіп бастаймын деген жандар үшін «Ауыл аманаты» жобасы үлкен мүмкіндік дер едім. Тереңөзекте ассенизатор көлігінің қызметі тапшы болатын. 8,6 млн теңге жеңілдетілген несие алып, осы көлігімді сатып алдым. Бүгінде күніне 10-ға жуық тапсырыс орындап, отбасымды асырап отырмын, – деді кәсіпкер.

Жасұлан Оразбековтың айтуынша алдағы уақытта тағы да осындай көліктерді сатып алып, тендер арқылы мектеп, балабақшалар мен мекемелердің кәріз суын тартуын ұтып алып айналыссам дейді.

БӨЛІСУ