«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы және бюджет көздерінен 8 елді мекенде 51 көше (Тереңөзек кенті – 32 көше, ұзындығы – 18,5 км; Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл, Шіркейлі, Шаған, Іңкәрдария – 19 көше, ұзындығы – 11,4 км) асфальттанып, ел игілігіне берілді.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 99 пайызы, ауылішілік жолдардың 76 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетті.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында
1,5 млрд. теңгеге Аманкелді, Айдарлы, Жетікөл және Қоғалыкөл елді мекендерінің электр бағаналары мен желілері, трансформаторлары толық жаңартылды.

Аудан тұрғындары  орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Дегенмен, ауыз су жүйелерінің тозығы жетуіне байланысты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары аясында
704,5 млн. теңгеге Тереңөзек кенті және Аманкелді, Қоғалыкөл, Шаған ауылдарында 14,2 шақырымды құрайтын су құбырлары жаңартылуда. Сонымен бірге, Тереңөзек, Шаған, Іңкәрдария, С.Сейфуллин елді мекендерінде 5 су мұнарасы жаңадан орнатылды.

Атап өтетін жағдай, аудан орталығы табиғи газбен толық қамтамасыз етілсе, елді мекендерде газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 330,6 млн. теңгеге Қалжан ахун ауылына газдандыру жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді. Нәтижесінде, ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету 35 пайызға жетті.

Сондай-ақ, 2023 жылы С.Сейфуллин мен А.Тоқмағамбетов ауылдарында газдандыру жұмыстары басталып, биыл табиғи газға қосылады деп жоспарлануда. Осы жұмыстар жүзеге асқанда ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 43 пайызды құрайтын болады.

Ауданда өткен жылы құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Оның ішінде, тұрғын үймен қамтамасыз етуде нәтижелі жұмыстар атқарылды.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»бағдарламасы аясында бюджет көздерінен 796,8 млн. теңгеге Тереңөзек кентінен жапсарлас 80 тұрғын үй сатып алынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Жетікөл елді мекенінде 3 бөлмелі 2 тұрғын үй құрылысына аудандық бюджеттен 30,4 млн. теңге бөлініп, көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлады.

2023 жылы аймақ басшысының бастамасымен елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстарды ынталандыру, бағалау мақсатында 2 мәрте «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы ұйымдастырылды. Конкурстың бірінші кезеңінде ауданға қарасты Н.Ілиясов ауылы, екінші кезеңінде Бесарық ауылы жеңімпаз атанып, үлгілі елді мекендерге коммуналдық техникалар сыйға берілді.

Біз ауданға бюджет қаражатынан тыс, демеушілік есебінен де жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Атап айтқанда, демеушілікпен 250 млн.теңге тартылып, «Сыр сұлуы» монументі, көпқабатты тұрғын үйлердің сырты жаңартылды, ойын алаңдары салынды, мектептердің автотұрақ жолдары мен қоршаулары жаңартылды және тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне газ қондырғыларын орнату жұмыстары атқарылды.

Өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша ауданда 2023 жылы 3 127 жұмыс орнын ашу жоспарланып, толық орындалды.

Оның ішінде, Ұлттық жобалар аясында 19 жобабекітіліп, 63 жұмыс орнын ашу жоспарланса, жыл көлемінде 107 жұмыс орны ашылып, 69,8 пайызға артығымен орындалды.

БӨЛІСУ