2024 жылы вегетациялық кезеңде аудан бойынша жалпы  32829 гектар ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру межеленген.

 Оның ішінде: 20451 гектар, жаздық бидай 2547 гектар, арпа 40 гектар, мақсары 90 гектар, күнбағыс 100 гектар, сүрлемдік жүгері 100 гектар,  жаңа жоңышқа 1824 гектар, картоп 510 гектар, көкөніс 242 гектар, бақша 425 гектар, ескі жоңышқа 6500 гектарды құрады.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құрылымдарында жалпы – 2805 гектар ақ егіс егілді.  Оның ішінде  1691 га жаздық бидай,  40 га арпа, 30 га мақсары, 1044 га жаңа жоңышқа  орналастырылды.

Биылғы жылдың күріш егісіне қажетті 10320 тонна минералдық тыңайтқыштар толық  сатып алынды.

Көктемгі дала жұмыстарына жүргізуге барлығы – 780 дана(Оның ішінде: 376 трактор, 196 трактор тіркемесі, 98 соқа, 47 дән сепкіш, 63 жүк көліктері) ауыл шаруашылығы техникалары қатысты

Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дизель отыны 3009 тонна  (әр литрі 248 теңге «Жібек жолы ЛТД» ЖШС) шаруашылық құрылымдарына жеткізілді.

Шаруашылықаралық каналдардың 11,9 шақырымы,(100,0%) ішкі су жолдарының 156,9 шақырымы (88,6%) тазаланып, 15 дана (100,0%) гидробекеттері, 48 дана (100,0%) су тартатын қондырғылары жөнделді.

Каналдарды механикалық тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жалғасуда.

2022-2023 жылдары аяқ сумен қамтамасыз ету үшін 26 су насосы қондырғылары алынды. Сондай-ақ, егістік алқаптарын қайталама сумен қамтамасыз ету үшін каналдар мен қашыртқылар бойына «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы      13 дана, шаруашылық құрылымдары 25 дана су насосы орнатылатын болады.

Сондай-ақ, су үнемдеу және суды тиімді пайдалану мақсатында аудан бойынша 13 шаруашылық құрылымдарындағы 31 дана заманауи лазерлік жер тегістегіш техникасымен (жоспар 3340 гектар) 2100 гектар жерге тегістеу жұмыстары жүргізілді және Жетікөл ауылдық округіне қарасты «Жетікөл Жері» ЖШС жаңбырлатып суару әдісімен 40 гектар жерге күнбағыс дақылын орналастырды.

Техникалық саясатты жетілдіру және машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары соңғы жылдары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі кезде шаруашылықтар шетелдік заманауи, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына басымдылық беріп келеді.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары бүгінгі күні жалпы – 16 дана ауыл шаруашылығы техникасы статистика бөліміне тіркеліп, негізгі қорға 545 млн  305 мың 628 теңге салынды. (2022 жылы 3 айда – 21 дана техника  533 млн. 181 мың теңге)

 Оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан лизинг арқылы жаңа 2 дана (56 млн      60   мың теңге) ауыл шаруашылығы техникаларын  және өз қаражатынан шаруа құрылымдары 14 дана (489 млн 245 мың 628 теңге) ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, бүгінгі күнге жалпы 48мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 оның ішінде:

1.Ауыл шаруашылығы техникаларын ауыл шаруашылығы нөмірлік тіркеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша заңды және жеке тұлғаларға 23 техника тіркелді.

2.«Ауыл шаруашылығы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бойынша оқу орнын бітірген  куәліктеріне сәйкес және ескі үлгідегі куәліктерін жаңа үлгідегі куәлікке айырбасталып, барлығы – 23 тракторист-машинист жүргізушілік куәліктері берілді.

3.«Ауыл шаруашылығы машиналарды жыл сайынғы техникалық байқаудан  өткізу» стандарты бойынша 2өтініш түсіп, барлығы 2 техника техникалық байқаудан өткізілді.

4.«Ауыл шаруашылығы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша 0 қызмет көрсетілді.

Аудан бойынша 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасына енгізілген 11 тауарлы балық шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және 2 тоған шаруашылығы бар.

Тереңөзек кентінде «Газ Құрылыс Монтаж Қазақстан Компаниясы» ЖШС-гі 2 га тоған, Шіркейлі ауылында «Мәді-Қажы» ЖШС-і 3 га тоған, тоған шаруашылығын құру үшін жер телімдерін рәсімдеп, жер учаскелерінде тоған қазу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге қазылған тоғандарға тоспа кәріз құрылысы жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Осы жұмыстар толығымен аяқталып тоғанда тауарлы балық өсіру жоспарлануда.  Балық түрлері: тұқы, сазан, мөңке.

Балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасына енбеген өз инициативасымен балық шаруашылығымен айналысатын Ақжарма ауылдық округінен «Ызакөл» фермерлік қожалығы 7 га. жер учаскесін тоған шаруашылығын жүргізу мақсатында алған. Осы аталған жер учаскесінде 4 га. тоған қазу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

БӨЛІСУ