Қызылорда облысы әкімінің 2020 жылғы “Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді-мекендерде өрт сөндіру бекетін құру туралы” жоспарына сәйкес, ауданда Ақжарма, Шіркейлі ауылдық округінде өрт сөндіру бекетін құру жоспарланды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақжарма ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылып өз жұмысын атқарып жатыр.

Қызылорда облысы ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” РММ-нің есебінен шығарылған өрт сөндіру автокөлігі Шіркейлі ауылдық округіне табысталды. Алдағы уақытта өрт сөндіру бекеті ашылып, өз жұмысын бастайтын болады.

БӨЛІСУ