Бүгін, Сырдария аудандық мәслихатының кезекттен тыс ХХ сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, тиісті сала басшылары, кент, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралының өкілі, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың жауапты қызметкерлері қатысты.

Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов ашып жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде ұсынылған мәселелер:
1. Сырдария ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.
2. «Сырдария ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 қазандағы №165 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 414 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. «Сырдария ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №186 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. «Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының Регламентiн бекiту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №195 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. «Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының Регламентiн бекiту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №196 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
7. «Сырдария ауданы Бесарық ауылдық округінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының Регламентiн бекiту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №197 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
8. «Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №198 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
9. «Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының Регламентiн бекiту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №199 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
10. Сырдария ауданы Н.Ілиясов ауылдық округінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының Регламентiн бекiту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 200 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
11. «Сырдария ауданы Шаған ауылдық округінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының Регламентiн бекiту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №201 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
12. «Сырдария ауданы Шіркейлі ауылдық округінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының Регламентiн бекiту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы №202 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
13. «Сырдария ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 358 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Сессияда күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толық қаралып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Сессия соңында тиісті шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ