Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының және Қызылорда облысының білім басқармасының 24.06.2024 жылғы «Балаларды сауықтыру ұйымдарында «Жедел ішек аурулары мен тағамнан уланудың алдын алу және санитариялық қағидалар талаптарын сақтау» тақырыбындағы №209-НҚ/290/66-НҚ/1 бұйрығы бойынша аталмыш мекемелер мамандарының ұйымдастыруымен және соларға қарасты аудандағы басқармалар мен бөлімнің мамандарының, «Жалын» сауықтыру лагерінің қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №78 бұйрығын орындау (Әрі қарай – Қағидалар), балалар арасында жұқпалы іш ауруларын болдырмау, тағамнан жаппай уланудың алдын алу, оларды сауықтыру, демалысын, бос уақытын дұрыс өткізу» тақырыбында 2024 жылғы 26 маусымында «Жалын» сауықтыру лагерінде облыстық көшпелі семинар өткізілді. Семинарда «Жедел ішек аурулары мен тағамнан уланудың алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру туралы» тақырыбында Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиялогиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Д.Балтабаев, «Балаларды сауықтыру ұйымдарына, лагерь асханасына, тағам өнімдерін тасымалдауға, өңдеуге, дайындауға, сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы А.Шуахбаева, «Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы балалар мен қызметкерлердің жеке бас гигиенасына және декреттелген топтың тұрмыстық қызмет көрсетуіне, медициналық тексеріп-қарау, гигиеналық оқытуға қойылатын талаптар» тақырыбында Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы А.Құлмағанбет және «Балаларды қала сыртындағы лагерлерге қабылдау барысындағы қажетті медициналық құжаттар туралы» тақырыбында блыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланың денсаулығын қорғау бойынша бас маманы Сақтағанова Ғ.А. баяндаулар жасап, көрнекі слайдтар көрсетті. Туындаған сұрақтарға мамандар тарапынан тиянақты жауаптар беріліп, тақырыпқа орай буклеттер, брошюралар таратылып, «Жалын» сауықтыру лагерінің қызметкерлері мен демалушы балалары арасында «Жедел ішек аурулары мен тағамнан уланудың алдын алу» тақырыбына тренингтер, викториналар, сауалнамалар өткізілді.

БӨЛІСУ