Тереңөзек кентінде орналасқан стационарлық автомобильді газ құю станцияларындағы газ құюшы азаматтарға (жұмысшыларға) автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі ереже талаптары түсіндіріліп, стационарлық автомобильді газ құю станцияларына арналған жадЫнамалар таратылды.

– стационарлық автокөліктерге газ құю станцияларында аумағында темекi шегуге болмайды және газ құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллонын толтыруға тыйым салынатындығын;
– өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру телефондарының нөмiрлерi көрсетiлген жазбалардың болуы;
– стационарлық автокөліктерге құю станцияларының аумағы жанғыш қоқыс пен төгiлген мұнай өнiмдерiнен үнемі тазартылуы;
– стационарлық автокөліктерге газ құю станцияларының аумағы арқылы көлiк құралдарының қозғалысы бiр жақты етiп көзделеді. Бұл ретте кiру және шығу жолы бөлек қамтамасыз етiлетіндігі;
– стационарлық автокөліктерге газ құю станцияларының аумағына кiру алдында оның аумағында көлiктiң қозғалысын ұйымдастыру сызбасы мен жүргiзушiлер мен жолаушылар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау туралы талаптары бар стендтерінің болуы;
– стационарлық автокөліктерге газ құю станцияларында алғашқы өрт сөндiру құралдарының болуы;

Сырдария ауданы ТЖБ

БӨЛІСУ