28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бүгін С.Бермағамбетовты еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасындағы шағын футболдан облыстық турнир өтті. Спорттық сайыстың ашылуына облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз кезегінде Сағитжан Бермағамбетовтың анасы сөз сөйлеп, талантты журналистің есімін ұлықтауға атсалысқан азаматтарға өз алғысын білдірді. Бүгінгі ала доп бәсекесіне барлығы 6 команда қатысып, өзара бәсекеге түсті.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары 28 маусым күні БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылатын салтанатты іс-шарада марапатталатын болады.

БӨЛІСУ