Бүгінде елімізде елді мекендердің инфрақұрылымы дамып, өндіріс орындары ашылып, көркейту-абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар Президентіміздің «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес жүргізілуде.
Оның ішінде, кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Ауыл Аманаты» жобасы аясында 2023 жылы Сырдария ауданы бойынша 234,7 млн. теңгені құрайтын 23 жоба қаржыландырылды.
Жаңа жобаның игілігін көрген кәсіпкер азаматтардың бірі Тереңөзек кентінің тұрғыны жеке кәсіпкер Алтынбаева Назым мемлекеттік қолдауымен «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие қаражатын алып, ассенизатор камаз автокөлігін сатып алды.
Қазіргі таңда кәсіпкер ассенизатор камаз автокөлігіне 1 жүргізіші адамды жұмыспен қамтып, аудан тұрғындарына қызметін көрсетуде.

БӨЛІСУ