Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының негізін қалаушы, ф.ғ.к., профессор Мұстафа Матайұлы Матаев атындағы дәстүрлі III спортакиада өтті.

Ашылу салтанатына ғалымның әріптестері мен шәкірттері және ұрпақтары қатысты. Арнайы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, университет проректоры Жандос Базартай сөз сөйлеп, қайраткердің өнегелі өмірі жайлы естеліктерімен бөлісті.

Аймақтағы құқық қорғау органдары мен
құқықтық қызмет көрсету саласының қызметкерлерінің қатысуымен өткен дода кешке дейін жалғасты.

Арқан тарту сайысы бойынша бірінші орынды облыстық полиция департаментінің командасы жеңіп алды. Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің командасы екінші, ал ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті үшінші орынды жеңіп алды.

Жүзу сайысында қыздар арасында ҚР Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінің қатысушысы Гүлнұр Керімбаева, Әділет департаментінен Мөлдір
Жанақұлова, полиция департаментінен Лаура
Толекова жеңімпаз атанды.

Ерлер арасында облыстық полиция департаментінен Ернар Садуақасов бірінші орынды иеленді. ҚР Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінен Арнат Ысмаилов екінші, Жеке сот орындаушылар палатасынан Азамат Турматов үшінші орынды жеңіп алды.

Футболдан ҚР Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімі жеңімпаз атанды. Полиция департаментінің клмандасы екінші, ал ҚР сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті үшінші орынды иеленді.

Ал шахмат сайысында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің командасы жеңіске жетті. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүлделі екінші орынды, ҚР сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті үшінші орынды қоржынға салды.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

БӨЛІСУ