Бүгін Сыр өңірінде Қызылорда облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен, ҚР Шахмат Федерациясының қолдауымен Жергілікті өкілді органдар – мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толуына арналған«SENAT OPEN» ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ашық кубогының бірінші кезеңі өтті.
Аталмыш шараға Қызылорда облыстық мәслихатының Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы, «Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Сандыбаев арнайы қатысып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетсек, логикалық ой-өрісті дамытатын шахматтың ашық кубогіне барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлі мен қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері барлығы 110 адам қатысты.
Турнир соңында жеңімпаздарды I, II, III орындар бойынша және 5 аталым: яғни, әйелдер арасында; 60 жастан асқандар арасында; қоғамдық қайраткерлер арасында; депутаттар арасында; БАҚ өкілдері арасындағы үздік көрсеткіш деген номинациялар бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Жолкелдіұлы Тлеумбетовтің арнайы дипломы және сертификаттарымен марапатталды.

БӨЛІСУ